Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Әлеуметтік осал топтарға газ датчигін тегін орнату керек» – ҚР Премьер-министрі

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Әлеуметтік осал топтарға газ датчигін тегін орнату керек» – ҚР Премьер-министрі
primeminister.kz

Олжас Бектенов профилактикалық шаралардың сапалы орындалуы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалаудың маңыздылығына назар аударды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне газ техникалық инспекциясының өкілеттігін арттыру, ал әкімдіктерге министрлікпен бірлесіп өрт қауіпсіздігіне арналған айлық шаралар ұйымдастыру тапсырылды. Әлеуметтік осал топтардағы отбасыларға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді. 

"Бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алған жөн. Олар ерекше бақылау аймағында болуға тиіс. Осындай үйлердің барлығына газ датчиктерін тегін орнату қажет. Алайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер датчиктер орнату бойынша жұмысты күшейтуі керек", — деп тапсырды Олжас Бектенов.