Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ескі 5000 теңгелікті дүкенде алмаса не істейміз?

Ескі банкноттар 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін айналымнан шығарылады.

Ескі 5000 теңгелікті дүкенде алмаса не істейміз?
Коллаж/Newsroom.kz

Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін 2011 жылғы үлгідегі және 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы 5000 теңгелік банкноттардың айналымын ұзартты, деп Newsroom.kz Ұлттық банктің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап барлық банктер мен Қазпошта ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгіге үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары оларды мерзімсіз айырбастайды.

«Банкноттардың жаңа және ескі үлгілері қатар айналымда болған кезде заңды төлем құралы болып саналады, Қазақстан аумағында барлық төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру, банктік шоттарға есепке алу үшін атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің барлық филиалдарында, Қазпоштада, елдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады», - делінген хабарламада.

Заңды төлем құралы саналатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту - әкімшілік құқық бұзушылық.