Карағанды облысы, 11 қараша – Сарыөзек әскери гарнизонының дивизион командирі, майор Самат Асанов ірі көлемдегі есірткі тасымалымен ұсталды.
Мәлімет бойынша, Асанов 10 қараша күні Екатеринбург–Алматы тас жолының 502-ші шақырымында Geely Coolray көлігінің нөмірі жоқ күйде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Приозерск қаласының айып тұрағына жеткізу кезінде көліктен салмағы 12 кг болатын ақ түсті ұнтақ түріндегі зат салынған 18 вакуумды пакет табылды. Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-ші тармағы (есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу, сату мақсатынсыз) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл ақпаратты КазТАГ редакциясына басқа да тәуелсіз дереккөз растады, алайда ресми түсініктеме алу үшін редакция Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінген.