Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын «Цифрлық экономикадағы әріптестік туралы» келісімді Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері үшін мәні зор құжат деп бағалады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатында кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыру қажет екеніне назар аударды.
Azerbaycan 24 мәліметінше, Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 11-ші саммиті аясында цифрлық экономика бойынша әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Министрлік жанындағы IV өнеркәсіптік революцияны талдау және үйлестіру орталығының бастамасымен дайындалған құжатты жүзеге асыру ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетеді.
Сонымен қатар, бұл ұйымға мүше мемлекеттер арасында цифрлық саудада тұтынушыларды қорғау және киберқауіпсіздік салаларындағы мүмкіндіктерді біріктіруге ықпал етеді.