Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Биыл екіжақты сауда айналымы 45 пайызға ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция бизнес капитандарының алдында сөйлеген сөзінде экономикалық ынтымақтастықты қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің басты факторы ретінде атады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

– Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Францияның аталған аймақпен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Биыл екіжақты сауда айналымы 45 пайызға ұлғайды. Біз бұл үдерістің сақталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Франциядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 пайызға артып, 900 миллион долларға жуықтады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200-ден астам француз кәсіпорны, соның ішінде Total, Alstom, Orano, Danone, Vicat, Airbus секілді танымал компаниялар жұмыс істейді, – деді Президент.