Путин де адам ғой, ол бұл әрекеті үшін өкінеді – Лукашенко

BBC-ге сұхбат берген Беларуьс президенті Александр Лукашенко Путин және Украина туралы сөз қозғады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко BBC-ге берген сұхбатында Путиннің Украинаға басып кіруін өз азаматтарын қорғау деп бағалап, оның қазіргі осы әрекет үшін өкінетінін айтты, деп баяндайды Newsroom сайты BBC-ге сілтеме жасап.

"Әрине, өкінеді. Путин де адам ғой", - дейді Лукашенко.

Беларусь президентінің айтуынша, Путин өзінің жолын шынайы әрі дұрыс жол деп есептейді екен. Сұхбат барысында BCC тілшісіне қарата:

"Путин сіздерге, Батысқа келісім ұсынды ғой. Міне, келісім, өзара тоқтамға келейік деп. Алайда Батыс не істеді, көзге де ілген жоқ", - деді. 

 

Жүктелуде...