Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қазан, 2024 / Аман ШАМАР / Қаржы

Қайтарымсыз қаржының көмегі көп

Мұнай сарқылған кезде не істейміз?

Қайтарымсыз қаржының көмегі көп
Фото: жасанды интеллект

Бүгінгі кейіпкеріміз Алматы қаласының тұрғыны, көпбалалы әке Әділет Абдол өзі егер мемлекет тарапынан қаржылай қолдау болмаған жағдайда бірден бес мал сатып алу мүмкін емес екенін жасырмайды.

Бұған дейін ол қандай кәсіпті қолға алсам екен деп жүз ойланып, мың толғаныпты. Қай бизнесті қараса да, бәріне де қаржылай капитал құю қажет екенін түсінген. Ал, ондай ақша оның түсіне де кірмепті. Міне, сол уақытта мемлекеттік грант та көмекке келе қойған ғой!

– Рас, қазір ешкім миллион тұрмақ, он теңгенің өзін оңайлықпен бере салмайтыны белігілі, - дейді А.туралиев. – Ендеше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастауымен қолға алынған бизнес-бағдарламаларға қатысып, неге бақ сынамасқа деп ойладым. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, мүмкін жолым болып қалар... Оның үстіне, ауыл шаруашылығы саласында беріліп жатқан гранттар – қайтарымсыз, яғни, ол қарызға берілмейді деген сөз. Басты міндет – отбасын асырайтындай табыс тауып, жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашу ғана. 

Қалай болғанда да, бұрын елдің болашағы – жердің байлығында деп келдік. Енді «қара алтынның» алтын дәуірі де аяқталып келе жатқанға ұқсайды. Жер астындағы байлықтың өз өлшемі болады, оны да ойлау керек. Мұнай сарқылған кезде не істейміз? Бұл кезде көмекке тек ауыл шаруашылығы ғана келеді. Бір кездері алыс ауылдардағы ұжымшарлар мен кеңшарлардың бәрі жаппай жабылып, үлкен қателікке бой берілген еді. Бүгін осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Шүкір, ауыл шаруашылығының бүгінгі аяқалысы жаман емес. Бірақ, алда атқарылар іс көп. Сондықтан жастарды блогер болып, жеңіл табыс тапқанша, мал бағып, ел экономикасын еселеуге шақырар едім.