Талибан үкіметі тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Жаңа кодекске сәйкес, әйелдің даусы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.
2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз көшеде жүруіне, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.
Айта кетелік, нәзік жандыларға саябаққа баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондары, әйелдерге арналған баспаналар жабылды.