Көкшетауда полицейлер екі дропперді қолға түсірді, – деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мәліметінше, 18 жастағы жігіттер үш ақмолалық зейнеткерден 6 миллион теңгеден астам ақша алған. Көкшетаудың үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды. 22 және 23 қазанда зейнеткерлердің телефондарына бірдей ақпаратпен қоңыраулар түсті. Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелерінің жол-көлік оқиғаларына тап болғанын хабарлады. Алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынды және зейнеткерлерді алдап соңғы жинақтарын алып қойған. Зейнеткерлерден ақшалай қаражатты Оңтүстік астанадан Көкшетауға келген 18 жастағы екі курьер алды.
Ақпарат бойынша екі күн ішінде олар үш мекенжайды айналып өтіп, қорыққан зейнеткерлерден ақшаларын алған. Олар қолма-қол ақшаны жұмыс беруші көрсеткен шоттарға аударды.
Айта кетелік, қазіргі уақытта барлық үш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.