“Елге ақша әкелетін нәрсе экспорт қана” - Нұрмұхамед Байғараев

Биыл Global Innovation Index-те әлемде 78-ші орындамыз

Фото: ашық дереккөзден

Келесі жылы бюджетке 4 трлн теңге жетпейді деп болжанып жатыр.Бұл ақпаратқа саясаттанушы Нұрмұхамед Байғараев өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Енді қашанғы мұнайды экспорттай бересің. Логистиканың бәрін соғыс бұзып, қиындатып жіберді. Елге ақша әкелетін нәрсе экспорт қана. Басқа нені экспорттауға болады деген ой келетін шығар. 

Инновациялық өнім дейін десек, пәлендей өнім жоқ-ау. Биыл Global Innovation Index-те әлемде 78-ші орындамыз. 

Түріктер сияқты сериал не корейлер сияқты тв шоу, ән - K-pop контент өндіру керек пе? 

Түркия былтыр өзге елдерге 680 млн долларға сериал сатыпты. Әлем бойынша күн сайын 400 млн көрермен түрік сериалын көреді. Айтпақшы, олардың ең алғаш сериалын сатып алған Қазақстан екен, 2001 жылы "Асау жүрек" сериалы. 

K-pop нарығы 8 млрд долларға бағаланыпты. 2031 жылы 20 млрд долларға жетеді деп отыр. 

Бір қазба байлықты барлап, бұрғылап, өндіріп, өңдеп, вагондарға артып, шетелден сатушы іздеп, тауып, логистикалық жолды реттеп, экспорттағанша сериалды 2 айда түсіріп, келесі айда монтаждап, сата берген сәл тиімділеу сияқты"- деп жазды саясаттанушы.

Жүктелуде...