Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Назарбаева қайтыс болды: топырағы торқа болсын

Ол 77 жасқа қараған шағында көз жұмды

Назарбаева қайтыс болды: топырағы торқа болсын
inbusiness.kz

77 жасқа қараған шағында Нұрсұлтан Назарбаевтің келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды, - деп хабарлайды newsroom.kz. Ақпаратты Ербол Еділов телеграм каналында хабарлады.

Светлана Назарбаева Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Сатыбалды Назарбаевтың жұбайы болған. Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы өмірден озған. Олардың екі баласы бар: Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Светлана Назарбаева Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданындағы Лепсі ауылында дүниеге келген. Ол филолог мамандығын алған және педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы ретінде бастап, кейін "Дәуір" республикалық полиграфиялық баспасының бас директоры қызметін атқарған.