Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қыркүйек, 2024 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Апта сайын ата-анамен тілдеседі

Енді әр заманның өз кемшіліктері мен артықшылықтары болады.

Апта сайын  ата-анамен тілдеседі
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Өңірлердегі әскери бөлімдердің ахуалы нешік?

Мұнда қанша сарбаз Отан алдындағы міндетін атқарып жатыр? Олардың тарапынан қандайма бір арыз-шағым бар ма? Осы және өзге де сауалдардың жауабын білмек болып біз 5546 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басшысының аға көмекшісі Ноғайбай Сапарғалиевпен жолықтық. Оның жауаптары бізді қатты таңқалдырды! 

– Мұнда қанша сарбаз барын айта алмаймын, бұл – құпия ақпарат. Көбінесе сарбаздар көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы мен Түркістан өңірлерінен келеді. Көктемгі және күзгі шақырылымда олардың қатары толыға түседі. Бірақ, жаңадан келгендер бұрынғы сарбаздарға бірден қосылмайды. Олар алдымен бір айлық бейімдеу кезеңінен өтеді. Яғни, қарапайым сап түзеу, ішкі тәртіп, қару-жарақ қолдану және басқа да машықтарға үйренеді. Енді әр заманның өз кемшіліктері мен артықшылықтары болады ғой. Мәселен, бұрын ғаламтор деген атымен болған жоқ. Сарбаздар әскери саламен практикалық тұрғыда танысып, оқу-білімді молырақ меңгерді. Ал, қазір олардың телефонға телміріп отыратыны жасырын емес. Бұл тек сарбаздарға ғана емес, сіз бен бізге де қатысы бар әңгіме. Есесіне, бұрын ата-анамен, ағайын-туыспен байланысу қиынға соқты. Сарбаздардың жазған хаттары бір айдан соң ғана үйлеріне жететін. Бүгінде олар апта сайын ата-аналарымен тілдесіп тұрады. Сенбі-жексенбі және мереке күндері телефонмен сөйлесе алады. Әскердегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетіп, фотосурет пен бейнежазба жолдап отырамыз. Соның бәрін арнайы кітапшаға жазып, тіркеп отырамыз, - дейді ол бізге берген сұхбатында.