weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 қазан, 2024 / Перизат Ілес / Кадрлар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды

Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшылығымен өткен жедел кеңесте полиция департаментінің жаңадан тағайындалған басшысын жеке құрамға таныстырды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бауыржан Аленов 7 қазанда ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ішкі істер министрлігінің басшысы жедел-тергеу тобынан Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты істі тергеу барысын бөлек тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

Әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Буембаев және қоғамдық кеңестің төрағасы Ескелді Қасымов Мейрам Әбікеевті жақсы білетіндерін айтып, министрге оны қызметке тағайындағаны үшін алғысын білдірді.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→