weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтауда есірткі сатқан тұрғын ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақтауда полицейлер жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі сатқан жергілікті тұрғынды құрықтады. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталған.

Айта кетелік, ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→