Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Жаяу жүре алмаймын» - су жаңа көлік алған қала әкімі

Қостанай қаласы маслихатының отырысында қала әкімі жаңа көлігіне қатысты пікір білдірді

«Жаяу жүре алмаймын» - су жаңа көлік алған қала әкімі

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың 23 миллион теңгеге жаңа қызметтік автокөлік сатып алды, - деп хабарлайды newsroom.kz "Наша газета" басылымына сілтеме жасап. «Lexus LX570» 2010 жылғы көлігінің тозуына байланысты жаңа автокөлік сатып алуға бюджеттен қаражат бөлінген. 

Әкімнің айтуынша, жаңа көлік тек өзіне ғана арналмаған, әкім аппараты үшін алынуда.

«Автокөлік менің жеке пайдалануым үшін емес, әкімдік аппараты үшін сатып алынып жатыр. Бұл көлік "Lexus LX570" 2010 жылғы көлігін алмастырады. Жөндеуге тым көп қаражат кететін болғандықтан, көлікті ауыстыру қажеттілігі туындады. Жылына 5 миллион теңге жөндеу шығыны біз үшін тым қымбат», – деді Жүндібаев журналистерге берген жауабында.

Әкім жаңа көлік ретінде жергілікті өндірістегі Kia Sorento таңдалғанын атап өтті. Оның пікірінше, отандық өнімді қолдау маңызды шешім болды:

«Бұл көлік отандық өндірістен шығады. Оны пайдалану тек менің емес, әкімдік қызметкерлерінің де қажеттілігі үшін болады», – деп толықтырды қала әкімі.

Қала әкімі осыған дейін де қымбат сағаты үшін дауға іліккен болатын.