Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ішкі істер министрінің орынбасары Талғарда орын алған оқиға орнында

Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Талғарда орын алған оқиға орнында
Фото: Polisia.kz/ видео скриншот

Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан марқұм Шерзаттың үйі өртенді. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Бауыржан Аленов келді,- деп хабарлайды newsroom.kz

- Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, - деді Бауыржан Аленов.