Айдос Аманбай өз Facebook парақшасында өзінің Талғар ауданындағы объектісіне екі-үш рет ұры түскенін және көп шығынға батырғанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Көрші үйдің камерасына бейнежазбаға түскен бейненіде әлі ешкім келіп көшіріп алған жоқ. Ол жақында өшіп кетуі де мүмкін (24-ші сәуірден бері). Мен күдіктенген адамдардан да ешкім жауап алмады. Одан бері менің екі-үш көршіме ұры түсіп кетті. Ұрылардың басынғаны сондай, үйінде адамның бар-жоғына қарамай, күн-түн демей емін-еркін кіріп-шыға беретін болды. Бір көршіме былтыр төрт рет ұры түсіпті!!!
Райымбек Рыскелдіге Талғар аудандық унитарлық кәсіпорны басшысының орынбасары жігіттеріңіз қимылдамай жатыр деп бұл жігітке кіріп шықтым. Ерекше қаперімізге аламыз деді. Әзірге көңіл аудармады.
Бауыржан Ахметұлы Талғар ауданы бойынша жедел басқармасының бастығы ол жігітпен де танысып мәселені айттық. Әзірге көңіл аудармады.
Әбдірахманов Рүстем Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары жігіттер қимылдамай жатыр деп ол кісіге жаздым.Оның тапсырмасын әзірге орындаған адам жоқ.
Асылбек Тойшыбаев,Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы. Ол кісіге де айттым. Тым болмаса тезірек записьті көшіріп алыңыздар, айға жақындап қалды. Ертең өшіп қалады. Қылмыс ашылмай қалады деп. Әзірге өлі тыныштық.
Еркебұлан Сәрсембаев Хасенұлы Талғар аудандық криминалдық полициясының орынбасары. Тіркелген істің нөміріне дейін бар. Жүзбе-жүз кездесіп айттым. Әзірге тыныштық. Ештеңе болмағандай.
Әленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы бойынша ДП басшысы. Структураңыз нашар, жұмыс істемейді, қылмыстар ашылмайды, көмектесіңіз дедім. Қатырамыз деді. Әзірге хабар жоқ.
Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Алматы облысының әкімі. Ол кісімен тікелей жүздесіп, осы мәселемді сауал ретінде қойдым. Облыстың күштік құрылымдары жұмыс істемейді деп айттым.
Талғар ауданы бойынша (былтырғы көрсеткіш) қылмыстың ашылуы 50%-дан жоғары дейді ол кісі. Демек 50%-ы ашылмайды деген сөз.
Жоғары шендісі сенің көзіңше өзінен кейінгіге бұйрық беріп діңкілдегендей болады.
Бұйрығының орындалмауына қарағанда, төменгі қызметкер қолғабының ішінен қолын шығарып отыр ма деп ойлайсың...
Алдында ұры түскенде жарайды енді деп қойғанбыз.
Полицей жігіттер де адам ғой, оларға да жаман ат келмірмей-ақ қояйық дей салдық.
Енді ұрланған заттардың құны олардың репутациясынан бірнеше есе қымбат болып барады.
Өстіп жүргенде Бесағаш ауылының атауы Бесқарақшы болып кететін шығар.Ұрланған заттар қолдан-қолға сатылымға өткен болуы керек.
Талғарда қылмыс ашылмайды. Полицияға шағымдану Аяз Атаға хат жазғанмен бірдей!"- деп жазды Айдос Аманбай.