Желіде тараған видеодан бір қыздың екіншісін басынан ұрып-соққанын байқауға болады. Бейнежазбадағы кәмелетке толмаған қыздың анасының сөзінше, 19-21 жас аралығындағы қыздар топ құрып, жасөспірімдерді жинайды,- деп хабарлайды newsroom.kz
“Олар сауда орталықтарында қыздармен танысып, оларды өз топтарына тартып, әдемі екендерін айтып, достасып алады. Балалар олармен қарым-қатынас жасай бастағанда, балаларды өздеріне бағындырып, басқара бастайды. Қыздарды қорқытып, ұрып-соғады. Ұрған кезде оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салады”, – дейді ана.
Айта кетелік, полиция ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізіліпті. Енді олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.