Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін жауын жаумақ

Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт шығады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкентте 7 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с болады.

 Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...