Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астанада ауа райы болжамынша күн ашық болады

Фото: Ult.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 1 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қара бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...