Әділет Орынбасаров: Атом өнеркәсібіне 5246 грант бөлінген

Қазақстанда атом энергетика саласын дербес дамытуға бағытталған екі ірі ғылыми ұйым бар

Фото: Instagram/ zereerke

Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадр бар ма Қазақстанда? Осы жайлы ойланып көрдік пе?! Оларды дайындайтын оқу орындарының жағдайы қалай деген сауал көлбеңдейді. Бір жобаны ойға алғасын оны жан- жақты саралау керек қой. Бұл туралы Әділет Орынбасаров өз Instagram парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

2023-2024 оқу жылына атом өнеркәсібіне 5246 грант бөлінген, оның ішінде уран өнеркәсібі мамандықтары да бар. «Ядролық физика», «Ядролық энергетикаға арналған материалдар», «Ядролық физика және ядролық энергетика» мамандықтары бойынша ағымдағы оқу жылында студенттер саны 2535 адамды құрайды. 2011-2023 жылдар аралығында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша бітірушілер саны 1649 адамды құрапты.

Оның айтуынша қазіргі уақытта Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадрлар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.

"Қолданыстағы келісімдер мен меморандумдар аясында кадрлар даярлау саласында Шәкәрім атындағы университет, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Назарбаев университеті және басқа да қазақстандық ЖОО- мен ынтымақтастық жүргізілген.

Қазақстанда атом энергетика саласын дербес дамытуға бағытталған екі ірі ғылыми ұйым бар: бірі - Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы, екіншісі Алматы қаласындағы Ядролық физика институты.  
Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді екен.

Әрине, менің мақсатым-журналист ретінде мәселенің тереңіне үңілу. Ал дұрыс-бұрысын әр адам өзі шешеді"- деп жазды ол.

 

Жүктелуде...