Нархоз университетінде заң клиникасы ашылды

Ашылу аясында іс-шараға қатысушылар мен қонақтар үшін кампус-тур өтті

Фото: newsroom.kz

Құкық және мемлекеттік баскару мектебі базасында Заң клиникасының кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына сот және заң практикасы, адвокаттық және нотариаттық қызмет пен БАҚ-тың жетекші өкілдері, студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен университет қызметкерлері қатысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Заң клиникасы Қазақстан ұстанатын Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның жаһандық күн тәртібін жүзеге асыруға қосқан үлесі болып табылады.

Мәліметтер бойынша, заң клиникасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, елімізде кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар заң және құқықтық тәртіпті нығайтуда әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінетін заңгерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жоба.

Құқық және мемлекеттік баскару мектебінің заң клиникасында студенттер білікті ұстаздардын жетекшілігімен нақты істерге қатысып, кұжаттар әзірлеп, сұраныс мүдделерін корғап, заң көмегін көрсетіп, теориялык білімдерін іс жүзінде колдануға мүмкіндік алады. Аталмыш практика білім алушылардың материалды жақсы меңгеруіне, кәсіби дамуына ықпал етеді. Клиника студенттердің құқықтық мәселелерді шешу, сыни ойлау және топтық жұмыс орындау, сондай-ақ коммуникация, талдау, дәлелдеу және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға арналған алаң ретінде қызмет етеді.

Сондай-ақ, заң клиникасы студенттерге, ата-аналарға, Алматы тұрғындарына ҚР колданыстағы заңнамасы кұкықтық нормаларын қолданудың өзекті мәселелері бойынша ақысыз кеңестер ұсынады. Тегін заң көмегін көрсету студенттердің коғамдық мәселелерге қатысуына жол ашып, кәсіби дамуына негіз болмақ.

Айта кетелік, іс-шара барысында «Нархоз университеті» КЕАҚ мен Республикалық адвокаттар алқасы, Алматы калалық адвокаттар алқасы, Алматы облыстық адвокаттар алқасы, Алматы қаласы Нотариаттық палатасы, «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы, Комплаенс және іскерлік этика кауымдастығы арасында ынтымактастық туралы меморандумдарға кол койылды. Ашылу аясында іс-шараға қатысушылар мен конақтар үшін кампус-тур өтті.
 

Жүктелуде...