Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды

19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен

Фото: Kursiv.kz

Алматыда Шекара академиясының курсанты көз жұмды. Оқиға түнгі уақытта орын алған. Деректерге сүйенсек, 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Ұлттық қауіпсіздік қызметі ақпаратты растады,- деп хабарлайды newsroom.kz

«2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды.

Өлімге биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталуда»,- делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде таралған  хабарламада оның 1-курста оқитыны, 21 қыркүйек күні уақытша демалыс алып, содан кейін хабарсыз кеткені мәлім болды.

Айта кетелік, осы факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

 

Жүктелуде...