Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Сараптама

АЭС: Атырау университетінде сарапшылар талқылауы өтті

АЭС салудағы тиімділіктер мен оның пайдасын және оң әсері туралы айтылды

АЭС: Атырау университетінде сарапшылар талқылауы өтті
Фото: newsroom.kz

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жасыл энергетикасының дамуындағы атом технологияларының рөлі» тақырыбында сарапшылар талқылауы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жиынға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер қатысты.

«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлы алғысөз сөйлеп, еліміздің алдағы онжылдықта энергетикалық тәуелділігін және энергетика нарығындағы дағдарысты болдырмау үшін қазірдің өзінде белгілі қадамдар жасалып отырғанын айтты. 
Одан кейін сөз алған математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Кенжегулов Бекет Зинешұлы, атом электр станциясының технологиялық және ғылыми негіздері туралы баяндады.

Өз сөзінде университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Чукуров Асхат Ералыұлы, атом электр станцияларын салудағы халықаралық тәжірибелерге негізделген баяндама жасап, АЭС салудағы әлем елдері ұстанып отырған ғылыми технологиялар бойынша түсіндірме жасады.
Атом электр станцияларын пайдаланудың оң аспектілері туралы баяндаған «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Джексенов Махамбет Кудайбергенұлы, жалпы АЭС салудағы тиімділіктер мен оның пайдасын және оң әсері туралы айтты.

«Экология, био және нанотехнологиялар» ҒЗИ директоры, PhD Абдинов Рауан Шарипбайұлы баяндамасында жасыл технологияларды дамытудың тиімділігі турасында сөз қозғап, оның экологияға пайдасын айтты, Физика және техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр Бақтыгереев Абдуррахман Ғаниұлы «Атом электр станциясының экологиялық аспектілері» туралы баяндама жасады.

Шараға қатысқан жастар атынан сөз алған Білім берудегі физика білім бағдарламасының 1 курс магистранты Аманкусова Ляззат Асхатқызы атом электр станциясының қажеттілігі мен тиімділігі туралы баяндады.
Талқылау соңында АЭС құрылысы экономикадағы тиімділік пен энергия қауіпсіздігі, экологиялық тиімділігі, энергетикада қажеттілік пен тұрақтылғы, халықаралық тәжірибе, ядролық технологиялардың қауіпсіздігі туралы айтылды.