“Маңғыстауда АЭС салынуы қажет”

АЭС құрылысы ел үшін стратегиялық маңызы бар

Фото: newsroom.kz

Киікбай Жаулин- АЭС елдегі бірқатар мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, атом электр станциясы көмірқышқыл газын және басқа да парниктік газдар қалдықтарын шығармайды, деп мәлімдеді Қоғамдық коммуникация орталығы,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сонымен қатар, атом электр станциясы көмірқышқыл газын және басқа да парниктік газдар қалдықтарын шығармайды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, импорттық энергия ресурстарына тәуелдікті азайтады. АЭС салынуы тарифтің өсуін тежейді. 

- АЭС құрылысы ел үшін стратегиялық маңызы бар, тәуелсіз мемлекетте өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін жоба. Сыртқы тәуекелдерді барынша азайту және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестермен егжей-тегжейлі ынтымақтастық тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу қарастырылған.

Қазақстан атом электр станциясы жобасының ең жоғары стандарттар мен ел мүддесіне толық сай болуы үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Атом электр станциясы жобасы саяси емес, коммерциялық. Кез келген компания, қайсысы серіктес ретінде таңдалса да, олар тек атом электр станцияларын салады. Ал әрі қарай АЭС-ны жергілікті халық ғана пайдаланады, - деді штаб мүшесі Киікбай Жаулин.

Жүктелуде...