“Бешбармақ пісіремін”: Америкалық ару қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан

Екеуі де ЭКСПО 2017 көрмесінде волонтер болған

Фото: ашық дереккөзден

Желідегі ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы америкалық Каулан Құсайынхан мен Джулия МакЛейн үйленді. Екеуі де ЭКСПО 2017 көрмесінде волонтер болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Джулия тұрмысқа шықпас бұрын АҚШ-та антропологияны оқып, қазақ тілінен сабақ алған. Бір қызығы, оның ұстаздарының бірі шымкенттік болса, екіншісі Шу өңірінен болыпты. Юлияның айтуынша, ол Қазақстанға 2011 жылы көшіп келген.

Бауырсақ, бешбармақ өзім пісіремін. Сүт, айран, ірімшік және тағы басқа сүт өнімдерін жақсы көремін. Болашақта Қазақстанда тұрғымыз келеді. Балаларымыз үшін бұл өте маңызды. Олар өзінің ұлтын білуі керек. Сонымен қатар, Қазақстан  – күйеуімнің тарихи отаны», – деді Америкалық ару.

Ал жолдасы Қаулан Қытайда өсіп, білім алған.

2015 жылы Алматыда таныстық. Джулияның досы арқылы. Араға екі жыл салып үйлендік,- деді ол.

Айта кетелік, Джулия мамандығы бойынша этнограф. Қазір осы сала бойынша АҚШ -та доктарантура оқуда. Ал Қаулан сол жақта IT саласын оқыған.

 

Жүктелуде...