Елімізде Қазақ- Неміс ғылым және технологиялар институты ашылмақ

Қазақ- Неміс ғылым және технологиялар институтын құру туралы келісімге қол қойылды

Фото: Facebook/ Ғылым және жоғары білім министрлігі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да металлургия және тау-кен ісі саласындағы Қазақ- Неміс ғылым және технологиялар институты ашылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

- 2024 жылғы 16 қыркүйекте Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақ- Неміс ғылым және технологиялар институтын құру туралы келісімге қол қойылды.

26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында ШҚТУ базасында Қазақ-Неміс ғылым және технологиялар институты ашылады. Бұл ШҚТУ, Қазақ-Неміс университеті (ҚНУ) және Фрайберг тау-кен академиясы, Бохумның Рур университеті, Штутгарт университеті, Клаусталь технологиялық университеті, Бранденбург техникалық университеті сияқты неміс техникалық университеттерінің бірлескен жобасы.

Айта кетелік, ҚНИ ғылыми зерттеу бағыттары: геология, сирек кездесетін элементтер; геологиялық және минералогиялық карта жасау; геомеханика; ұнтақ металлургиясы және қоспалар технологиялары; тау-кен металлургия өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеу; ГАҚ технологиялары; материалтану, экология және өмір қауіпсіздігі.

Жүктелуде...