АЭС жөніндегі халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды. Жаңа портал «aes2024.kz» деп аталады. Сайт «Жаңалықтар», «Атом энергетикасы туралы» және «АЭС салу бойынша» деген 3 негізгі айдарды қамтиды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жаңа порталдың мақсаты - еліміздегі атом энергетикасының даму перспективаларын жан-жақты түсіндіру.
Жалпы әлемдегі атом энергетикасының тарихы, атом электр станцияларының саны, оларды салудағы халықаралық тәжірибе және қауіпсіздік стандарттары туралы ақпараттар қамтылған.