Еліміздің ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болмақ?

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкенте 9 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, қара бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,5 м/с болады.

Шымкентте бүгін ақша бұлт болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,9 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...