Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында "Киелі мекен" әнін орындады.
Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен "NOMAD STUNTS" кәсіби каскадерлер тобы қатысты.
Димаш Құдайбергеннің ашылу салтанатында шырқаған әнінен кейін ежелгі көшпенділердің күші мен рухын сипаттайтын арнайы спектакльдер басталды.
Айта кетейік, бүгін, 8 қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталған болатын.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл дода елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.