weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дубайда әлем бойынша ең биік екінші алып ғимарат салу жоспарлануда

Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп болжануда

Дубайда әлем бойынша ең биік екінші алып ғимарат салу жоспарлануда
Фото: ашық дереккөзден

Дубайда 725 метрлік "Бурдж-Азизи" зәулім ғимаратын салуды жоспарлап отыр, ол "Бурдж Халифтан" кейінгі әлемдегі екінші ең биік ғимарат болады,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Бурдж-Азизи" ғимараты жоспар бойынша Шейх Зайед жолында орналасып, құны 1,63 миллиард долларға бағаланған. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп болжануда.

Ғимаратта сауда орталығы, жоғары деңгейлі резиденциялар мен пентхаустар, кафелер мен мейрамханалар, жеті жұлдызды қонақ үй және "бақылау орны"орналасады.

Биіктігі бойынша "Бурдж-Азизи" зәулім ғимараттар арасында Дубайда орналасқан 828 метрлік "Бурдж-Халифадан" кейін екінші орын алады. Әйткенмен, жаңа ғимарат қазір екінші орын алып тұрған Куала-Лумпурдағы 679 метрлік Merdeka 118 мұнарасынан асып түсетін болады

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→