1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін ұлғайды

Фото: Adyrna.kz

Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға берілетін шәкіртақы мөлшері өсті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15% - ға ұлғайтылды: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде бакалавриат студенттеріне стипендия 20%, магистранттар мен докторанттарға 15% артқан еді.

Жүктелуде...