1 қыркүйекте еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Астанада ауа райы болжамынша өткінші жаңбыр болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкенте 1 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ақша бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 31 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,4 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...