Lumiere-Hall мұражайының Астана қаласындағы «HASSANAT»өнер галереясындағы поп-апы,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өз өмірін шындық ойдан, қиял шынайы естеліктерден ажыратылмайтын аңызға айналдырған шебер, ал суретшінің шынайы бейнесі эксцентрик маска астында жасырылған. Данышпанның құпия бейнесі неден туады, оның шығармашылығының жасырын хабары неден құралады? Мүмкін, балалық шақтағы болмашы естеліктерден, сиқырлы әңгімелер мен армандардан болар? Әлде «шынайы испандықты» туған елімен, оның аңыздары, құмарлықтары және мистицизмімен байланыстыратын берік жіптерден бе? Немесе барлығының тамыры - Сальвадор Дали үшін жай ғана әйел емес, «тұмары, асылы, тотемі, Мадоннасы, анасы...» болған әйелге деген махаббаты ма? Әлде, ақырында, жүрек пен ақылдың кілті - суретшінің сиқырға толы, қорқынышты, мистикалық, эротикалық,ішнде сана «логика мен ақыл-ойдың шынжырларынан босатылатын» түстері ме?
"Сальвадор Дали. Құпия жазу" көрмесінің қонақтары құпия хабарды ашып, шебердің ішкі дауысын естіп, иллюзия мен шындық арасындағы өз шекарасын белгілей алады.
61 түпнұсқа түсті графикалық туындыдан тұратын топтама Еуропа мен Американың жеке коллекционерлері мен галереяларынан жинақталған. Экспозиция құрамына "Кармен", "Алисаның ғажайыптар еліндегі шытырман оқиғалары", "Далиниан жылқылары" серияларының литография баспалары, сондай-ақ Педро де Аларконның "Үшбұрышты шляпа" әңгімесінің ксилография техникасында орындалған 20 иллюстрациясы кірді. Топтама бүкіл әлемдегі коллекционерлердің арманына айналған "Махаббат трилогиясы" атты керемет триптихпен аяқталады.
Өтетін орны: «HAS SANAT» өнер галереясы
____
Lumire-Hall-жаңа медиа саласындағы көрме кеңістігі және мәдени-білім беру орталығы. Мұражайдың тұрақты алаңы Алматыда орналасқан: Әл-Фараби 13 К2 в
____
Өтетін күндері: 30 тамыз-29 қыркүйек
Мекен-жайы: Астана, "Has Sanat" өнер галереясы
Д. Қонаев көшесі 14Д, ВП-24
Жұмыс уақыты: 11.00-ден 22.00-ге дейін
Құны:
Демалыс және мереке күндері :
Ересек адам - 3500 тг
Жеңілдікті - 3000 тг
Жұмыс күндері :
Ересек адам - 2500 тг
Жеңілдікті - 2000 тг
(Студенттер, зейнеткерлер, оқушылар)