Экстремизмнің қалай алдын алуға болады?

Түркістан облысының полициясы экстремизмнің алдын алу бойынша сабақ өткізді

Polisia.kz мәлім ектендей, қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Осыған байланысты діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен шетелдіктермен заңсыз көші-қон заң талаптарын бұзғандарды анықтау, сондай-ақ оларға қатысты жедел-іздестіру және жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу бойынша оқу сабақтары өткізді.

Аталған оқу сабақтары экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары Қ.Жумадилдаевтың басшылығымен өткізілді, оған полиция департаментінің қалалық, аудандық басқарма, бөлімідерінің көші-қон, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Жүктелуде...