Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасына мемлекеттік туды табыс етті

Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады

Фото: Qazaqstan.tv

Премьер-Министр Олжас Бектенов XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Мемлекеттік туды ұлттық паралимпиада құрамасының мүшелері – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовпен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева ұстап жүреді.

2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия алды.

Айта кетелік, жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.

Қазақстандықтар 1996 жылдан бүгінге дейін жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алды.

 

 

 

Жүктелуде...