Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетелік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.
Осылайша Ақмарал Науатбек ел қоржынына екінші алтынды салды.