Сырымбек Тау Америкадан Қазақстан жұмақ деген бе?

Қазақстанда жұмыс істеп, қаражат тауып жатқан адамдар жұмақта тұрып жатыр

Коллаж: newsroom.kz

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Қазақстан мен Америка арасындағы өмірді салыстырып, сөз қозғады. Өз сөзінде кәсіпкер Қазақстанды жұмаққа теңеді,- деп хабарлайды newsroom.kz 

"- Жақында мен Америкадағы досымнан өмір қалай өзі айтшы? - деп сауал сұрадым. Қиын айына 12 000 доллар табамын - дейді.

Мен ақша жақсы табамын . Бірақ қай жерге барғым келеді, маған барлық жердің есігі ашық. Мен жүре беремін. Сенде қалай? - дедім. 

- "Мен таңертең тұрамын телефонның кредиті келіп тұрады бір күн. Екінші күні көліктігі келіп тұрады. Үшінші күні үйдікі келіп тұрады. Төртінші күні баламның оқуы келіп тұрады. Осындай, 12 000 доллар тапқаныңмен, 20 күн бойы қарыз төлеп өтесің"- дейді ол. 

Американы аңсап, шет елді, Лондонды аңсап тұратын адамдар ол жақтың өмірі осы. Салығы бар. Оларда біз сияқты сұрасаң, 10 күн Америкаға кетіп қалу, 20 күн Дубайға демалу келу жылына бір рет болуы мүмкін. Қазақстанда жұмыс істеп, қаражат тауып жатқан адамдар жұмақта тұрып жатыр. Мен ойлаймын, Америкада 12 000 доллар тапқанша, 1200 доллар тауып Қазақстанда тұра берсін"-деді кәсіпкер. 

Жүктелуде...