Елімізде ұшақтар неге жиі кешігеді?

Осы қызметті пайдаланушылар саны 20 пайызға көбейген

Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев әуе рейстері неліктен жиі кешігетіні жөніндегі сұраққа жауап берді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Министрдің айтуынша, Қазақстанда бұрынғыға қарағанда, ұшақпен ұшатындар саны артқан. Осы қызметті пайдаланушылар саны 20 пайызға көбейген. "Кейінгі үш жылда авиацияда жолаушылар ағыны өсіп келеді. Бұл – ең жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жазда жүргізіледі. Өкінішке қарай, мезгіл қысқа. Мұның бәрі, әрине, ұшу жүйелігі мен әуе кемелерінің кешігуіне әкеп соқтырады. Егер әуе компаниясында 101 ұшақ болса, оның 10-ы айналымнан шығып қалады. Бесеуіне бұршақтан, бесеуіне адами фактордан зақым келді. Яғни, әуе паркінің 10 пайызы бірнеше күн бойы айналымнан шықты. Бұл да ұшу жүйелігіне әсер етеді",- деді ол. 

Жүктелуде...