Аса ірі алаяқтық жасады деп айыпталған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Aikyn.kz

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін тағы бір күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, – деп хабарлайды newsroom.kz 

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде өзіне тиесілі емес пәтерді ұсынған.

 

– Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Былтыр желтоқсан айында ол Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жүктелуде...