Алакөлде екі қабатты демалыс үйінде өрт шықты

27 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды

Фото: ТЖМ

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды newsroom.kz

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.

27 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.

Жүктелуде...