weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетіпті

Ер адамның миы, екі өкпесі және сол жақ бүйрегі жарақаттанған

Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетіпті
Фото: Inbusiness.kz

Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Зардап шеккен азаматтың миы шайқалған, өкпесі мен сол жақ бүйрегі қатты соққы алған. Жедел жәрдем көлігімен аурухана жеткізілген бетте оған ота жасалған. Қазір жарақат алған құрылысшы жансақтау бөлімінде жатыр.

– Жетінші қабат деңгейіндегі биіктіктен құлаған 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ер адамның миы, екі өкпесі және сол жақ бүйрегі жарақаттанған. Оның үстіне қабырғалары сынған. Жағдайы ауыр деп бағаланады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Айжан Ақай.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→