Орал қаласының №27 колониясында тұтқын өз-өзіне қол жұмсады. Полиция ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады newsroom.kz порталы Орал апталығына сілтеме жасап.
Ринат Байзақов 46 жаста болған. Ол 2023 жылдың шілдесінде кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 20 жылға сотталды. Бір жыл бұрын 15 жастағы қыз пойыздың астына түсіп өзін-өзі өлтірген болатын.
Бұл трагедияның қорқынышты жағдайлары туралы Аминаның анасы Анастасия айтты. Амина өлер алдында хат жазып, әкесінен зорлық көргенін айтқан.
«Мен жоқпын. Мені зорлап, үнсіз қалуымды сұраған әкем кінәлі», - деп жазған ол.
Айта кетелік, үй компьютерін тінту кезінде Ринат Байзақовтың қызына қатысты зорлық-зомбылықтың дәлелі бар бейне табылған еді.
Анастасияның айтуынша, қайғылы оқиға болған кезде олардың ажырасқанына 6 жыл болған. Қыз әкесіне демалыс күндері барып жүрген.