Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде жаңбыр жауады

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр жауады

Фото: Zakon.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 15 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,1 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,1 м/с болады.

Шымкентте бүгін аспан ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 39 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...