Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Ол Олимпиада ойындардың чемпионы Ермахан Ибрайымовтың жаттықтырушысы болған

Фото: qazaqstan.tv

Қазақстанның еңбек сіңірген атақты жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жаттықтырушы, бокстан спорт шебері, бокстан республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынғали Еділов 1959 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған.

Сондай-ақ, Тұрсынғали Еділовтің жетекшілігімен қазақстандық боксшылар көптеген халықаралық жарыстардың чемпионы атанды, жүлделі орындар алды. Қазақстан боксшылары Хьюстонда (АҚШ) 1999 жылы өткен Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алса, Сиднейде (Австралия) 2000 жылы өткен XXVII Жазғы Олимпияда ойындарында 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, ол Олимпиада ойындардың чемпионы Ермахан Ибрайымовтың жаттықтырушысы  болған.

Айта кетелік, елге еңбек сіңірген атақты жаттықтырушы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Жүктелуде...