Жарты жыл бойы 16 жасар қызды өзімен қатарлас бір топ балалар жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ұрған, соққан, қорқытқан.Ең қызығы ақша ең соңында мәжбүрлеуші топтың ішіндегі бір қыздың анасының счетына аударылып отырған.Мың емес, екі мың емес бақандай 10 млннан астам теңге аударылған. Бұл туралы Серік Хасенов өз Facebook парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ол ақшаның қайдан келіп жатқанын сұрамайды емес сұрайды ғой.Сондықтан бұл жерде үлкен адамдардың нұсқауы бар деп отыр "Немолчи.кз" тобының жетекшісі Дина Таңсәрі ханым.Осы кісінің арқасында ғана іс резонанс туғызып, қаралып жатыр.
Қыздың жағдайы өте ауыр дейді.Екі-үш минут ұйықтап оянып кете береді екен. Жарты жыл бойы автоматты түрде үреймен, шығатын жол таппай көніп жүре берген, ата-анасын өлтіріп тастайды деп қорыққан.
Қазірде жәбірленуші қыздың анасы қылмыстық топта болды деп іліккен балалардың туған- туысынан үлкен қысым көріп жатқанын айтқан.Ақша ұсынып жатқандарыда бар дейді, оған құлақ асатын полиция жоқ.
Мыңнан астам деп есеп шотына аударылған ақша бойынша есептеліп отыр.Қағаз ақшамен төлегендер қаншама.
Мектеп жасындағы қызды қатарластарынан жасақталған қылмыстық топ, алғаш ҰҚК қызмет ететін азаматқа апарған екен.Оқиға сол жерден басталған.
Қыздың бірден кәмілетке толмағаны түрінен көрініп тұр дейді. Сол аударымдар бойынша бәрін жауапқа тарту көзделіп отыр. Мәселе ол жерде Қызылорда қаласының көп "дөкейі" болуы мүмкін. Олар істі ұзаққа апармай жапқысы келетіні түсінікті. Жалпы іске қысым көп. Бишімбаевтың соты секілді халық алдына алып шығып, сот процессі ашық жүрмесе жағдай қиын.
Айта кетелік, Қызылорда полициясы жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу сотымен күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылған.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таралуына байланысты полиция органымен қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел жұмыстары жүргізіліп жатыр.