ЕҰУ-да жаңа студенттер жатақханасы ашылды

Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады

Фото: gov.kz

ENU-да жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында қоныстана алады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы «Bastau Damu kz» компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан орналасады.

Айта кетелік, студенттер үйінің бірінші кіре берісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коворкинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.

Жүктелуде...