Париж Олимпиадасының алтын жүлде иегері Елдос Сметов жайлы не білеміз?

Спортшы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирда өзінің алғашқы жеңісін қанжығасына байлаған

Фото: Stan.kz

Қазақстандық дзюдошы әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Париж Олимпиадасының алтын медаль иегері Елдос Сметов жайлы айтамыз,-деп хабарлайды newsroom.kz

Елдос Бахтыбайұлы 1992 жылы Жамбыл облысында туылған. Деректер бойынша, Елдос  өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. Бертін келе, 1998 жылы  алты жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирда өзінің алғашқы жеңісін қанжығасына байлаған.Кейіннен ол Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған.

Айта кетелік, Елдос Сметов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде білім алған.

Деректерге сүйенсек , спортшы  жарымен 2017 жылы шаңырақ көтерген. 

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бес баланың әкесі. Аяулы жары екеуі бүгінде екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр. Чемпионның кішкентайы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келген. Дзюдошы ұлына Абдолла деген есім беріпті.

Спортшы Париж төрінде чемпион атанған соң отбасына видеоқоңырау шалып, бесінші баласына қарата «Сен бала - алтын бала болдың ғой!», деп еркелеткенін ел көрді.

Елдос Бахтыбайұлының жетістіктеріне келер болсақ, Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы жеңіс Елдос Сметов қарсыласы Иппонды жеңіп, ливиялық Мұхаммед Елқависті жеңген. Екінші жеңісі дзюдодағы көптеген әлем чемпионаттарының жүлдегері болып табылатын британдық Эшли Маккензиге қарсы күрес жүргізді. Қарсыластың теориялық тұрғыдан күшті болғанына қарамастан, қазақ жоғары қолды алды. 

Айта кетелік, Елдос Сметов 2010 жылы Мороккода өткен жастар арасындағы жарыстан чемпион атанды. Келесі жылы Оңтүстік Африка Республикасында жастар арасында өткізілген жарыста қола медаль және Қытайда әлемдік қола гран-при жүлдесін алды. Спортшы 2011-де Өзбекстанда өткізілген жарыста әлем кубогының жүлдегері атанды. Бертін келе, Польшада өткізілген Еуропа кубыгын және  Грузияда Еуропа кубыгының күміс жүлдегері атанды.

 Еске сала кетейік, Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Елдос Сметов қазақ халқының қоржынына алтын жүлде салды

Жүктелуде...