Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы анықталды

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталды

Фото: Telegram/ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Биыл шілде айында Астана және Алматы қалаларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекеттесе отырып және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

-Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,-делінген хабарламада. 

 

 

 

Жүктелуде...