Тоқаев қабылдаған С.Мирзиёева қазақша пост жазыпты

Кездесу барысында өңірлік күн тәртібі жан-жақты талқыланды

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева қазақша пост жазды,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестік.

Кездесу барысында өңірлік күн тәртібі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ақпараттық-идеологиялық, мәдени- гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Әңгімелесу барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ашық және өзара сенімге негізделген достық диалог бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгені және мұның елдеріміз арасындағы стратегиялық және одақтастық қарым- қатынастарды нығайтуда маңызы зор екені атап өтілді "-деп жазды Саида Мирзиёева

Жүктелуде...